ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты

83

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық авиабазада ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге сүйреп, рекорд орнатты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды. Бұрын ол екі локомотивті, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытқан.

Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын кезеңі – көктем меркесіне арналған шараға қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысып, спортшыны жаңа жетістігімен құттықтады.

Палуанға Қазақстан рекордтар кітабы ұйымының атынан арнайы сертификат табысталды.

ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты

Бүгін барлығымыз Қазақстан рекордының куәгері болып отырмыз. Күштік экстрим саласындағы белгілі спортшы, ІІМ қызметкері Бауыржан Камалиев біздің кеңсемізге өзінің ұсынысымен шықты. Ол бұрын да өзінің рекордтарымен елімізге, әлемге танымал болған. Біз мұндай спортшыларды әрдайым қолдауға дайынбыз, – деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Ол жаңа рекордты жасамас бұрын үш ай дайындалған. Оның базалық спорт түрі – ауыр атлетика. Пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Айта кету керек, шара барысында Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінің өнерпаздары қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар әскерилердің арасында гір тасын көтеріп, АК-74 автоматын шашып-жинаумен жұртты таңғалдырғандар да болды.

https://turkystan.kz/article/217686-iim-kyzmetkeri-zhauyngerlik-tikushakty-suyrep-rekord-ornatty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.