Павлодар облысында халықаралық іздеуде жүрген 11 адам ұсталды

113

Павлодар облысының полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 11 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні 600-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті.

«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 153 адам, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 68 азамат, ұсақ бұзақылық жасаған 24 азамат, ЖҚЕ бойынша 174 бұзушылық және мас күйінде көлік басқарған сегіз жүргізуші анықталды. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген 11 қылмыскердің орналасқан жері анықталды. Мысалы, Железин ауданы ауылдарының бірінде жедел уәкілдер Ресей Федерациясының Жаңасібір облысы бойынша 2022 жылдың ақпанынан бастап ұрлық қылмысы үшін іздеуде жүрген 30 жастағы ауыл тұрғынын анықтады.

Екібастұз қаласында 2012 жылы Ресей Федерациясының аумағында зорлық жасаған 36 жастағы ер адам ұсталды. Барлық ұсталғандар бойынша іздестіру бастамашыларына хабарламалар берілді. Полиция департаменті азаматтардың тыныш демалысын, мереке алдындағы күндері тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаратынын еске салады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.