Өскеменде автобустан түскен соң жоғалып кеткен жігіт табылды

161

Өскеменде 4 наурызда автобустан түскен соң із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт табылды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

«Жоғалып кеткен жігіт 9 наурызда 21 сағат 30 минутта  досының үйінен табылды. Қазіргі уақытта туған-туысарымен бірге үйінде», – делінген хабарламада.

Ведомство өзге ақпаратты жігіттің өтінші бойынша жариялай алмайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, еріктілер 4 наурызда жас жігіттің үйінен шығып, автобуспен келе жатқанда өзін нашар сезініп, аялдамада түсіп қалғанын хабарлаған. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз болды.

Полицияға жігіттің анасы шағымданған.

https://turkystan.kz/article/216294-oskemende-avtobustan-tusken-son-zhogalyp-ketken-zhigit-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.