«Аминка Витаминка» Nickelodeon Kids Choice Awards марапатына ие болды

152

Балаларға арналған әлемдегі ең беделді ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Әлемдік супер жұлдыздармен қатар, Nickelodeon Kids’ Choice Awards марапаттарын аймақтық номинацияларда әлемнің түрлі елдерінен қатысқан инфлюенсерлер де алды. Осы жылы аталмыш жүлденің тарихында алғаш рет «Сүйікті қазақстандық инфлюенсер» номинациясында дауыс беру жүргізілді.

Жүлдегер ретінде Әмина Малғаждар (Аминка Витаминка) танылды. YouTube желісінде Аминканың жұмысын 5,52 миллион адам бақылайды, ал оның Instagram парақшасында 1,3 миллион оқырманы бар.

«Аминка Витаминка» Nickelodeon Kids Choice Awards марапатына ие болды

Leave A Reply

Your email address will not be published.