Медицина саласына мейлінше көңіл бөлінбек

132

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Жанар Бүркітбаева облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымымен кездесті. Бүгінде мұнда бас-аяғы 395 адам жұмыс істейді. Оның ішінде, 39 дәрігер, орта буынды қызметкерлер 158 және санитарлар 136. Қазіргі таңда бұл ауруханада 268 азамат ем қабылдауда.

Кездесу барысында аманаттықтар мемлекеттің басты байлығы – адам денсаулығы жетекші партияның қатаң бақылауында екенін атап өтті. Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар соңғы жылдары өңірімізде денсаулық сақтау саласының 20 нысаны пайдалануға берілгенін жеткізді.

– Мұндағы ішінде емхана, 15 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт негізінен ауыл-аймақтарда ашылды. Жалпы, қазіргі уақытта облыста 466 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде, мемлекеттік 388 болса, жекеменшік нысан — 58. Облыстың медициналық мекемелерінде 15,7 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді, — деді Жанар Бүркітбаева.

Кездесу соңында ақ халаттылардың сұрақтарына нақты жауап берген партиялықтар оларды 19 наурызда өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырып, лайықты партия мен үміткерге дауыс беруге үндеді.

 

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.