Доллар қайта қымбаттады: 10 наурыздағы валюта бағамы

120

Қазақстанның Ұлттық банкі 10 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін доллар бағамы тағы үш теңгеге көтеріліп, 441,12 теңге болып бекітілді.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 443 теңгеден сатып алынып, 447 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 441 теңгеден сатып алынып, 444 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы:

  • USD / KZT – 441,12 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 465,6 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,82 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,28 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 63,38 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,05 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,88 (өзбек сомы).

https://turkystan.kz/article/216082-dollar-kayta-kymbattady-10-nauryzdagy-valyuta-bagamy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.