Мешіт имамымен мазмұнды сұхбат

158

Имандылық жолындағы сотталғандарға діннің негіздерін үйрету мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесінде дәстүрлі діни бірлестіктермен өзара байланыс жасап, темір тордағы жазасын өтеушілерге діни дәрістер беру, уағыз айту секілді игі жұмыстар ұйымдастырылып келеді.

Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар Тараз қалалық «Шейх Зуннун» мешітінің бас имамы Айнабек Ахметовпен кездесті. Сұхбат барысында діни басқарма өкілі сотталғандарға Ислам діні туралы толық түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.

Маман мұндай кездесулердің тиімділігін және дінаралық татулықтың әрдайым маңызды фактор екендігін жеткізді. Осындай іс-шаралардың алдағы уақытта сотталғандарды дәстүрлі дінді насихаттай отырып оның маңыздылығын, әлі де осындай түсіндірме жұмыстары ұйымдастырлатынын айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.