Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

142

Елімізде бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.

«Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады. Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көшбасында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр. Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді», – делінген хабарламада.

Бір айдың ішінде  жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.

 

https://turkystan.kz/article/216002-kazakstanda-turgyn-uy-bagasy-kymbattady-2/

Leave A Reply

Your email address will not be published.