ҚАЖ қызметкерлері психологиялық тест тапсырды

156

Елімізде психометрикалық тест қолданыла бастағанына біршама уақыт болды. Бұл қызметкерлердің жеке интеллектуалдық қабілеттері мен кәсіби біліктілігін анықтау үшін құрастырылған. Осы орайда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты№25 мекеменің қызметкерлері аталған сынақ түрінен өтті.

Психологиялық жұмысты ҚАЖ департаменті кадр саясаты тобының жеке құрам бойынша психологы, әділет капитаны Анна Дмитриенко жүргізді. Оның айтуы бойынша тест адамның жауапкершілігін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, адамгершілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.