ЖЫР АЛЫБЫНЫҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

202
Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 177 жылдығына орай «Жамбыл- жырдын қайнары» атты мәнерлеп оқу кеші өтті.
Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Б.Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен өткен танымдық шара жыр алыбы — Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйретуді мақсат етті.
Кітапхана оқырманы Бақыт Таңжар «Көңіл толқыны» күйін домбырада шертіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл — күй сыйлады.
Іс — шараны Б. Момышұлы атындағы мектеп — гимназияның директоры Джигитекова Салтанат Рахметханқызы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік жолдады.
Кешті жүргізушілер, аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы А. Мамашариева, Б. Момышұлы атындағы мектеп – гимназияның қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Досаева ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталды.
«Бала Жамбылдың Сүйінбайдан бата алу» көрінісін И. Разбай және Н. Файзулла шебер орындап шықты.
Кезек Жамбыл оқуларына беріліп, кітапхана оқырмандары З. Ағабек «Менің өмірім», Б. Мелдебекұлы «Балама хат», З. Әубәкір «Отанды сүй», Г. Ешназар «Балаларға», Д. Жарқынбек «Қымыз», Ә. Азат «Кәмшат қыз», С. Таңжарбай «Ленинградтық өренім», М. Асылбай «Зілді бұйрық» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кешті қорытындылаған аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Шолапн Тулепбергенова Жамбыл бабаның шығармаларынан жас ұрпақ үлгі өнеге алатынын, болашақта мол мұрасы насихаттала беретіндігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ шарада «Жамбыл — ұлы заманның ұлы ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.