Қазақстандық бапкер Grand Slam турнирінде төрелік етті

132

Қазақстандық парадзюдо жаттықтырушысы Жандос Қиянов Ташкенттегі Grand Slam турнирінде төрелік етті деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облысының тумасы Жандос Қиянов Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турниріне төрелік етуге шақырылған. Ол бүгін аталған спорттық дода төрелік етті.

Жандос Қиянов 2000 жылдан бері Атыраудағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Оның Қуаныш Сайманұлы, Назгүл Құбашева және Өтеген Қайрат секілді шәкірттері дзюдодан ел чемпионатында жүлделі орындарды иеленген.

Білікті бапкер 2014 жылы Атырауда парадзюдошылар үшін бірегей дайындық орталығын ашқан. Ал 2019 жылы парадзюдодан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған. Сол жылдың қорытындысымен Қазақстандағы паралимпиадалық командалардың үздік жаттықтырушысы ретінде танылған.

Оның дайындаған шәкірті Әнуар Сариев парадзюдодан Токио паралимпиадасының күміс жүлдегері атанған.

https://turkystan.kz/article/215553-kazakstandyk-bapker-grand-slam-turnirinde-torelik-etti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.