2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

154

Банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты соңғы мәлімет жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш келіп түсті. Оның ішінде eGov арқылы – 1399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді», – делінген хабарламада.

Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2466 өтініш түскен.

Банкроттыққа өтініш беру бойынша көшбасында Түркістан облысы тұр (289 өтініш). Одан әрі 238 өтінішпен Алматы қаласы, үшінші орынға Алматы облысы (227 өтініш) орналасқан.

Сондай-ақ, банкроттық жариялау қызметі eGov.kz және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.