Астанада мектеп директорын пәтерінде пышақтап кеткен

227

Астанадағы орта мектептің директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Оған қоса, пәтерден директордың күйеуінің мәйіті табылған деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

26 ақпанда Астана полиция департаментінің 102 арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің өкілдері.

Полицейлер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етуге жатпайтынын атап өтті.

https://turkystan.kz/article/215183-astanada-mektep-direktoryn-peterinde-pyshaktap-ketken/

Leave A Reply

Your email address will not be published.