Облыс әкімі Халық қаһарманының отбасына алғыс айтты

238
Алғыс айту күніне орай Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов  Халық қаһарманы марқұм Мейіржан Аймановтың отбасына барып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы бейбіт күннің батыры атанған тұлғаның қалыптасуына айрықша әсер еткен отбасына, анасы мен жарына алғыс айтты.

— Сіздер бейбіт күннің батыры, өзінің қызметтік борышын адал атқара отырып, ерлікпен қаза тапқан Мейіржандай тұлғаны тәрбиелеуге, қалыптасуына зор үлес қостыңыздар. Ол бейбіт тұрғындардың тыныштығы мен амандығы үшін өзін құрбан етті.

Осындай қаһарман ұлды тәрбиелеп, ізін лайықты жалғап отырған Сіздерге ризашылығымды білдіріп,  алғыс айтамын. Мейіржан Аймановтың есімі, ерлігі мен өрлігі жас буынға үлгі-өнеге ретінде ел есінде мәңгі сақаталады деп сенемін,-деді Нұржан Нұржігітов.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары болып  қызмет атқарған Мейіржан Айманов Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймасында орын алған жарылыс кезінде қаза тапқан болатын.

Батырға қайтыс болғаннан кейін ҚР сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін  Мемлекет басшысының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылған.

 

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.