Түрме аумағына түйіншек лақтырған азамат қолға түсті

234

Таразда түрмеге тыйым салынған зат жеткізбекші болған тағы бір заң бұзушылықтың жолы кесілді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде кезекті құқық бұзушылық әшкере болды. 27 ақпан күні сағат түскі 12:55 шамасында мекеменің жедел және режимдік бөлімдерінің қызметкерлерінің қолда бар жедел ақпараты бойынша және мекеме ахуалдық орталығының операторынан №1 учаскенің №1 бекеті аумағында мекеменің ішкі күзетілетін аймағына белгісіз күдікті адамның белгісіз зат лақтырғаны байқалғаны туралы хабар келіп түскен. Дәл осы сәтте қарауыл бекетінен де осындай хабар жеткен.

Жымысқы әрекетін іске асырған азамат жедел түрде оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Алайда, дер кезінде әрекет еткен офицерлердің кезекші тобы 5513 әскери бөлімінің қызметшілерімен бірлесіп күдікті азаматты қолға түсірді. Ұсталған А. Д. есімді азамат Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Одан әрі ұсталған азамат Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің штабына жеткізіліп, Тараз қалалық Полиция басқармасының Кезекші жедел-тергеу тобы келгенге дейін ұсталған. Содан соң күдікті полиция қызметкерлерінің қолына тапсырылды.

Келесі кезекте мекеме әкімшілігінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің қызметшілерімен бірге №1 учаскенің №1 бекеті аумағын қоршауға алып, оқиға болған жерді мұқият тексеру нәтижесінде №1 учаскенің бақылау-із жолағында скотчпен оралған 1 дана шар тәрізді түйіншек табылды. Аталған факті бойынша Тараз қалалық Полиция басқармасының Кезекші жедел-тергеу тобы шақырылды. Табылған түйіннің ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті зат анықталды. Аталған заттарды кезекші жедел-тергеу тобы тәркілеп, сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.