Ninety One тобының әндері арқылы қазақ тілін үйренген Эван Аллен

115

Өткен аптада Қазақстандағы АҚШ елшілігі Instagram-дағы ресми парақшасында қазақшаға судай Америка азаматы Эван Аллен туралы видео жариялады. АҚШ үкі­метінің Фулбрайт бағдарламасы бойынша Тараз­дағы университеттердің бірінде ағылшын тілінен сабақ бере­тін Эван қазақ тілін Ninety One тобының әндері арқы­лы үйренгенін айтады. Жастайынан географияға қызыққан ол Қазақстан туралы естіп-білген соң біздің елге қайтсе де келуді, бірақ ол үшін алдымен қазақ тілін үйренуді алдына мақсат етіп қояды. Шын аты Эван болса да, Айқын деп атағанды құп көретін фулбрайтерге хабарласып, әңгіме­лескен едік.

– Қазақ тілін үйренуді Нью-Йоркте сту­дент болып жүргеніңізде-ақ қолға алғаныңызды естіп таңғалдым. Әдетте қа­зақшаға аймақтану факультетін бі­тір­ген немесе түркологияны зерттеп жүр­ген шетелдіктер қызығады. Соны ес­керіп сізді де осы екі саланың өкілі бо­лар деп ойлап отырмын.
– Жоқ (күліп). Жалпы, мен Нью-Йорктің ба­­тыс аймағында орналасқан Рочестер қа­ла­­сында туып-өстім. Мектеп бітірген соң Нью-Йорк қаласындағы Фордем уни­вер­си­тетін­де халықаралық қарым-қатынас және француз тілі мамандығы бойынша білім алдым. Негізі, мен көп тіл үйренгенді жақсы кө­ремін. Қазақ тілі – мен үйренген төртінші тіл. Ағылшынды есептемегенде, испан және француз тілдерін жетік білемін. Отбасымда мен ғана бірнеше тілде сөйлеймін. Бала кү­нім­нен әңгімелескенді, біреумен шүйір­ке­лескенді жақсы көремін. Мектепте оқып жүр­генде көп сөйлейтінім үшін келеңсіз жағ­дайларға тап болған кезім көп болды. Бір орында тұрмайтын, өте белсенді бала болып өстім.
 – Сіз секілді полиглот болғысы ке­ле­тін адам әлемде ең көп таралған он тілді білуге тиіс. Бірақ сол ондыққа кірмейтін қа­зақ тілін таңдауыңызға не түрткі болды?
– Бала кезде географияға қатты қызық­тым. Он жасымда ма екен, нақты есімде жоқ, Қа­зақстан туралы кітапNinety One тобының әндері арқылы қазақ тілін үйренген Эван Аллен оқыдым. Әлгі кі­тапта сипатталған әсем жерлерге, онда тұра­тын халықтың мәдениетіне тамсандым. Сөй­тіп бес жыл бұрын қазақ тілін өз бетімше үй­рене бастадым. Интернеттен қажетіме жа­райтын бірнеше материал тауып алдым. Әрі Ninety One тобының шығармашы­лы­ғы­мен танысып, қазақ тілін үйренуге деген құл­шынысым үдей түсті. Сөйтіп, 2020 жыл­дың жазында АҚШ-тың Висконсон уни­вер­сите­тінде қазақ тілінен сабақ беретін Гүлнар Глоац­кидің интенсив курсына қатыстым. Сіз сұх­­баттасқан, қазір Алматыда зерттеу жүргі­зіп жүрген шотландиялық ғалым Тара Мэ­тьюс­пен сол қазақша сөйлеу клубында та­ныс­қанмын. Біз бір сыныпта төрт адам оқы­дық. Үшеуі орыс тілін біледі. Ал мен орыс­ша бірде-бір сөз білмедім. Десе де, қазақ ті­лін тез үйреніп, емін-еркін сөйлеуге асық­тым. Негізі, мен үнемі Қазақстанға барғым ке­летін. Фулбрайт бағдарламасы туралы ес­тігенімде бірден Қазақстанға баруға жақсы мүм­кіндік екенін түсіндім. Сөйтіп, 2021 жыл­дың қазан айында Фулбрайтқа құжат тап­сырдым. Мұнда іріктеу жұмысы ұзақ­қа созылады. Сөйтіп, 2022 жылдың сәуір айында Тараз қаласына келдім. Қазір мұнда М.Дулати атын­дағы Тараз өңірлік уни­вер­ситетінің Әлем тілдері фа­культетінде ағылшын тілі­нен сабақ беремін. Әрі IELTS-қа даярлық курсын жүр­гіземін. Негізінде, Фулб­­­­райт бағдарламасына дейін де Қазақстанға ба­рып оқуға, жұмыс істеуге мүм­кіндік беретін басқа бағ­дарламалар қарастырып жүр­генмін. Назарбаев университеті немесе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілетін бағдарламаларды көз­деп жүрдім.
– Неліктен Таразды таңдадыңыз?
– Бағдарлама ережесіне сәйкес, біз қа­ла­ған қаламызға бара алмаймыз. Фулбрайт ая­сында тек зерттеушілер ғана зерттеу жүр­гізгісі келетін орынды таңдай алады. Ал ағыл­шын тілін үйретуге қажет аймақтарды бағ­дарлама өкілдерді өздері таңдайды. Кө­біне, аймақтарға жібереді. Қазір Қа­зақ­стан аумағында жалпы саны он бес фул­б­райтер сабақ береді. Сол он бес фул­брайтердің ішінде жалғыз мен ғана қазақ тілін жақсы білемін. Тараз секілді қазақилық сақталған аймаққа мені сол себептен жіберді деп ойлаймын. Жалпы, мені осында жі­бергеніне қуаныштымын. Маған Та­раз қатты ұнайды. Мұнда жүрген алты айдың ішінде Астана, Алматы, Шым­кент қалаларында болдым. Ертең Қызы­лор­даға жол жүргелі жатырмын. Ары қарай Арал­ға барамын. Негізі, мен – натуралиспін. Та­биғат аясына саяхат жасағанды жаным жақ­сы көреді. Менің ата-анам ауылда туып-өс­кен. Кішкентай кезімде көкке шығып, жиі серуендейтінбіз. Қазір де тауға шығып, кемпинг ұйымдастырып тұрамын. Сол үшін Алматыға жиі барамын.
Ninety One тобының әндері арқылы қазақ тілін үйренген Эван Аллен– Сіз секілді Фулбрайтпен осында жұ­мыс істеуге келген немесе Эрасмус бағ­­­дарламасымен зерттеу жүргізуге келген шет­еліктердің көбі алдымен орыс тілін үй­реніп, сосын барып қазақшаны мең­гереді. Ал сіз керісінше…
– Қазақстанға келген шетелдіктердің кө­бі алдымен орыс тіліне қызығатыны рас. Өйт­кені олар Ресейге бара алмайтындықтан осын­да келіп үйренеді. Ал менің орыс тілін үй­ренуге тіпті де қызығушылығым жоқ. Мені қы­зықтыратыны – Қазақстан мәдениеті мен қа­зақ тілі. Бүгінде айналам үнемі орысша сөй­­­лейтіндіктен мен орысша түсінемін. Бірақ ол тілді қазақ тілі секілді жақсы біл­мей­мін. Бір қызығы, бес жыл бойы қазақ ті­лін үйренсем де, Қазақстанға келген кезде біраз сөзді ұмытып қалыппын. Бірақ алты ай ішінде есіме түсіріп, қазақшамды жақ­сар­тып алдым. Бірақ сонда да осында қазақ тілін үй­рететін курсқа қатысып жүрмін. Негізі, мен орыс тілін жетік білсем де, бәрібір қазақ ті­лін үйреніп алатын едім. Себебі Қазақстанға жұ­мыс істеуге келгендіктен мұндағы мем­лекеттік тіл – қазақ тіліне қызығушылық та­нытпау тіпті ұят. Таразда орыстар аз тұра­тынын байқадым. Такси шақырғанда бол­ма­са орыс тілін көп қолданбаймын. Бірақ кейде тілім жетпей, орыстарға қазақша сөйлесем, түсі­неді. Ал Алматы мен Астанада жағдай бас­қаша. Онда барғанда орыс тілін білетін досымды қасыма ертіп аламын. Ол түсін­бе­ген жерімді аударып береді.
– Қазақшаңыздың деңгейін қалай өлшер едіңіз?
– Қазір елу пайыз білемін деп айта ала­мын.
– Біз сұхбаттасқан шетелдік маман­дар қа­зақ тілін үйрену қиын екенін алға тар­тады.
– Ал мен олай ойлаймын. Қазақ ті­ліне қарағанда орысшаны үйрену әлдеқайда қиын секілді. Дегенмен маған қазақ тілін оңай үйренуге сеп­тігін тигізген екі фактор бар. Бірін­шіден, мен орыс тілін білмеймін. Орыс тілін білетіндер қазақшаны үйренуге көш­кен кезде жаңылысып, шатасып жа­тады. Әсіресе, дыбысталудан қиналады. Мы­салы, жақсы дегенді жакси деп айтады. Ал мен алдымен қазақша дыбысталуды ес­тігендіктен маған онша қиын болмады. Екін­шіден, жоғарыда айтқандай, маман­ды­ғым француз тіліне қатысты болғандықтан, шет­елдіктер айта алмай қиналатын ә, қ,ғ, ө, қ төл дыбыстары француз тілінде де бар. Сон­дықтан ол дыбыстарды акцентсіз дыбыстау маған түк емес. Жалпы, қазақ тілі – әуезді тіл. Бәрінен бұрын маған оның дыбысталуы ұнай­ды. Сондай-ақ мен түрік халқының тіл­деріне қатты қызығамын. Қазақ тілін үй­ре­ніп алсам, өзбек, қырғыз, түрік тілдерін үй­рену еш қиын емес деп ойлаймын.
– Қазақстандағы АҚШ елшілігі та­рат­қан ақпаратта қазақ тілін Ninety One тобының әндері арқылы үйрен­ге­ніңіз туралы жазылады. Расымен, тіл үйрену­ге олардың репертуары септігін тигізді ме?
– Иә. Қазақ тілін қайтсем үйренсем бо­лады деп жүргенде YouTube-тан қазақтілді му­зыка іздей бастадым. Сол кезде Ninety One секілді жаңашыл әрі тек қазақша ән айтатын топтың бар екенін білдім. Олардың бейнебаян­дары­нан бөлек, сахна сыр­тын­да, ел ішін ара­ла­ған­да түсірген, Ninety One Space де­­ген атпен шы­ғатын бейне­топ­­та­малар­дың бәрін қарап шық­­­­тым. Мұ­ның ма­­ған кө­ме­гі көп тиді. Олар­­дың әнінен ға­на емес, сол ви­део­лар­­да өзара өрбіткен әңгі­ме­сінен қазақша әріп­терді қалай дұрыс дыбыстау ке­рек екенін, ак­цент­сіз қалай сөйлеуге бола­тынын үйрендім. Соны­мен қатар Қа­зақ­станның біраз көрікті жерлерін көр­дім. Бай­қағаным, мен тыңдау ар­қылы тез үйре­неді екенмін. Топ мүше­лерінің әңгімесін тыңдап, акцентсіз сөйлеуге тырысып-бақ­тым. Олардың бұрынғы видео­ларында ара-тұра орысша сөйлеген тұстары бар, бірақ соңғы жылдары түсірген видео­ларында тек қазақша сөйлейді. Айтпақшы, олардың өткен жылы желтоқсанда Астанада өткен концертін тамашалап, тамсанып қайт­тым. Өткенде елшілік таратқан ақпараттың астына Ace пікір қалдырыпты. Ал Zaq өз парақ­шасына жүктеді.
Ninety One тобының әндері арқылы қазақ тілін үйренген Эван Аллен– Айтпақшы, Instagram-дағы жеке парақшаңызда аты-жөніңіз жа­зылу­ға тиіс жерде Айқын деп тұр. Неге Ай­қын? Әнші Ай­қын­ның қатысы бар ма?
– Жоқ (күліп). Вис­кон­сон универ­си­те­тін­де қазақ тілін оқы­ған төр­теуі­мізге мұға­лі­міміз қазақша есімдер таң­датқызды. Маған Айқын деген есім бір­ден ұнады. Ол кезде Айқын секілді әншінің бар екенін де біл­ме­дім. Содан бері Айқын болып кеттім. Тараз­да­ғы достарым да мені Айқын деп атайды.
– Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Instagram-дағы жеке парақшасына сіз туралы видео жүктелген соң көпшілік сіздің емін-еркін сөйлегеніңізге таңыр­қап, сіздің америкалық екеніңізге сен­бей, татар ұлтынан болар деп жазып жа­тыр. Оқи алдыңыз ба?
– Иә (күліп). Көбі ақжарма тілектерін жау­дыра жазыпты. Қуанып қалдым. Қазақша акцентсіз сөйлегеніме таңғалған олар менің америкалық екеніме күмән келтіріпті. «Ресейден келген болар», «Бәлкім, татар ұлтының өкілі шығар» дегендей пікірлерді оқып, бір күліп алдым (күліп).
– Гарвард университеті антро­поло­гия фа­культетінің докторанты, біраз уақыт Алматыда зерттеу жүргізген Алекс Уорбертон бізге берген сұхба­тын­да «Байқағаным, қазақ­тар қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдіктерге қалай сөй­леу керек екенін білмейді. Өте жыл­дам сөйлейді. Сондықтан олардың не айтып жатқанын кейде түсінбей қала­мын» деген еді. Елу пайыз білсеңіз де, сіздің де қа­зақшаны түсінбей қалатын кездеріңіз бо­латын шығар.
– Менде де тура осындай жағдай. Мұның себебі мынада деп ойлаймын: жергілікті ха­лық қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдіктерді жиі кездестіре бермейді. Олар көбіне қазақ тілін жетік білетіндер немесе мүлде біл­мейтін, тек орысша сөйлесетіндермен диалог құрады. Көпшілігімен танысып-біліскен соң «Мен аздап қазақша білемін» десем, олар «Керемет! Онда сенімен қазақпен сөйлес­кендей сөйлесе берейін. Тез сөйлесем де тү­сінесің ғой» деп ұғатын секілді. Сосын оларға «Маған балаға сөйлегендей сөйлеңдер» деп айтамын (күліп).
– Ендеше сіздермен қазақша сөй­лесер кезде неге баса назар аударуымыз керек?
– Біріншіден, асықпай және таза сөйлегеніңіз аб­зал. Сосын мен әлдебір қа­те жіберіп қойсам, сөз арасын бөлмей, маған сөзімді аяқтауға мүм­кіндік берген жөн. Кейде қате сөз айт­сам, көбі бір­ден ағыл­шынша немесе орысша шүлдірлей жөне­ле­ді. Мұндай кезде олар­ға «Өтінемін. Мен бір ғана қате жі­бер­дім. Бір қатеге бола сөй­лемді аяқ­тай алмайды деп ойлаудың қа­жеті жоқ. Маған қа­те­лесуге, жалғас­тыру­ға мүмкіндік беріңдер. Маған практика қажет» деп ескертемін. Қазақтар – мейірімді әрі көпшіл ха­лық. Көмектескісі келіп тұ­ра­ды. Со­дан ғой, мені қиналмасын, бірден түсінсін деп басқа тілде сөйлей жөнелетіні. Бірақ көбінің менің қазақша еркін сөйлегенімді естіген кезде көзі жанып, таң-тамаша бола­тынын байқаймын. «Орысша білмеймін. Қазақшадан бастадым» десем, тіпті таңыр­қайды. Айтпақшы ұмытып барамын, мені жаңылыстыратын тағы бір нәрсе бар. Тілдік курс оқығанда маған «Келе жатырмын», «Не істеп жатырсың?» деп айтқан дұрыс екенін үйреткен еді. Бірақ мұнда келгенде «Келятр­мын», «Нестеватсың?» дегенді естіп, алға­шында қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін біл­мей дал болдым. Сосын мұғалім Амери­када «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу керек деп үйреткен. Ал мұнда көпшілігі «Саламатсыз ба?» деп амандасады. Қазір мен де осылай сөйлейтін болыппын (күліп). Маған қызық көрінген тағы бір нәрсені айта кетейінші. Қазақтарда «Көп сөз – боқ сөз», «Жіптің ұзы­ны жақсы, сөздің қысқасы жақсы» деген секілді мақал көп. Бірақ өздері аз сөйлеңдер деп айтады да, соңында көп әңгіме айтып, жібергісі келмейді (күліп).
Ninety One тобының әндері арқылы қазақ тілін үйренген Эван Аллен– Тағы бір байқағаным, біздің елге ұзақ уақыт тұрақтайтын шетелдіктер ел мәдение­тімен жақынырақ танысу үшін қала ішін емес, ауыл-аймақты ара­ла­ған­ды жөн санайды екен. Әлеуметтік же­лідегі парақшаңыздан сіздің де ауылды жерлерге барғаныңызды байқадым. Не көрдіңіз? Не түйдіңіз?
– Ауыл мектептеріне презентация жа­сауға барған сапарымнан үлкен әсер алып қайт­тым. Мектептердің заманауи үлгідегі құ­рал-жабдықтармен жабдықталғанын, тіп­ті түрлі эксперимент жасауға болатын зерт­хананы көріп, таңғалдым. Сосын досыммен бір­ге оның ауылы Сарыкемерге қонақ болып бардым. Сол кезде қазақтардың расымен ел айтқандай, өте қонақжай халық екеніне көзім жетті. Былай қарап тұрсаң, олар мені мүл­де танымайды. Бірақ туғанындай күтіп, асты-үстіме түсіп, көңілімді аулаумен болды. Тағы бір қызығы, мен жалдап тұрып жатқан пә­тердің иесі әпкесінің туған күніне ша­қыр­ды. Оның үлкен отбасымен бірге таңға дейін караокеде ән салып, көңіл көтеріп қайттым. Керемет кеш болды. Ешбірі ағылшынша білмейді. Сондықтан бір күн бойы тоқтамай қазақша сөйлеуіме тура келді (күліп). Де­ген­мен бұл мен үшін бір сынақ болды, себебі оған дейін бұлай ұзақ уақыт қазақша сөйлеп көр­генім жоқ. Бірақ мені бөлмей, «Бері кел!» деп бауырына тартқаны көңіліме жылу сыйлады. Үлкен отбасы демекші, Қазақстанда апа­сы, атасы, ата-анасы, ағалары мен әпке­ле­рінің бір үйде тұратынын көріп таңғал­ғаным бар. Бізде Америкада ата-анамен бірге тұру құптала бермейді.
– Бұл әркімнің жеке кеңістігі болу керек дегенге келіп сая ма?
– Дәл солай. Біздің отбасы мәдениетінде ата-анаң ересек атанғанға дейін қамқор бо­ла­ды. Ал есейіп, бой түзеген соң сен бөлек шы­ғып, өз жолыңмен кетуге тиіссің. Одан кейін­гі өмір жолыңда ата-анаң саған көмек­теспейді. Бәріне бір өзің қол жеткізуің керек.
– Биыл жазда Тараздағы жұмыс мер­зі­міңіз аяқталған соң не істейсіз? Қан­дай жоспарыңыз бар?
– Бұйырса, жазда Америкаға қайтамын. Он­да дайындалып, Швециядағы уни­вер­си­теттердің біріне магистратураға оқуға тап­сы­ратын ойым бар. Табиғатты ерекше жақсы көретіндіктен, алдағы уақытта экология сая­сатына қатысты жұмыс істегім келеді. Магистратурада осы сала бойынша білімімді жетілдірсем деймін. Сосын магистратураны аяқтаған соң Қазақстанға қайтып келуім мүмкін. Алдағы уақытта Алматыда тұрсам деп ойлап жүрмін. Айтпақшы, Америкаға қай­тарда қазақ тілін қаншалық меңгерге­нім­ді анықтап, тесті тапсырмақпын. Маған қанша ұпай алатыным қызық болып тұр. Егер жақсы ұпай алсам, сертификатты түйін­демеме «қосып» қоямын. Бәлкім, болашақта мұның көмегі тиіп қалар.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.