Некені тіркеу

314

Некеге тұратын еркек пен әйелдің толық келісімі және олардың неке жасына, яғни 18 жасқа жетуі қажет.
Келесі адамдар арасында неке қиюға жол берілмейді:
1. бір жыныстағы адамдар;
2. біреуі басқа некеде тұрған адамдар;
3. жақын туыстары;
4. бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар және олардың балалары;
5. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.
Қайда жүгіну қажет
Кодекске сәйкес, неке қиюды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар бірлескен жазбаша өтініш негізінде жүргізеді.
Болашақ ерлі-зайыптылар тіркеуші органға бірге келуі тиіс.
Тіркеуші орган – бұл азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган, қалың бұқара оны АХАТ немесе АХАЖ деп атайды.
Сонымен қатар, егер жұп алғаш рет некеге отырса және оларда балалары жоқ болса, онда олар электрондық үкімет порталының онлайн-қызметінің көмегімен некені тіркеуге электрондық өтініш жібере алады. Ол үшін өтініш берушілердің екеуінде де ЭЦҚ болуы және оларды eGov.kz порталында тіркеу қажет. Бұл әдіс, мысалы, болашақ ерлі-зайыптылар бір қалада болмаса немесе басқа себеппен бірге АХАТ (АХАЖ)-ға келе алмайтын жағдайда ыңғайлы.

Аманкулов Канатжан Бахытжанович
Сарысу аудандық халыққа қызмет
көрсету бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.