Жазасының өтелмеген бөлігі жұмсартылып, еркіндікке жолдама алды

117

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеген 2 азамат жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жұмсағырақ жазаға ауыстырылып,  бостандыққа шықты.

Осыған орай, олар мекемеде жазасын өтеу кезінде заң алдындағы ағаттығын ұғынуына септік болған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын айтып, ізгі тілегін ақ қағаз бетіне түсірді.

Мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Кәмшат Әбдімомынова босап шыққан азаматқа жұмыспен қамту орталығынан арнайы жолдама алынғанын жеткізіп, бостандықта тұрақты жұмысқа орналасуларына мамандар қол ұшын созатындығын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы өміріне сәттілік тіледі.

Бостандыққа шыққан азаматтың бірі 6 баласымен қауышса, екіншісіне тұрғылықты мекеніне жету үшін билет алып берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.