Мұз үстінде қауіпсіздікті сақтау.​ ​ ​

101
☑️ Су айдындарында мұз қатқанымен, әлі де қауіпті. Бірақ бұған қарап жатқан балықшылар жоқ. Аудандағы «Теріс-Ащыбұлақ»​ ​ су қоймасына ​ жергілікті және сырттан балықшылар көптеп жиналады. Осы себепті Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жиі рейд өткізіп, балықшыларға сақ болуды ескертіп отырады. Осындай рейдтердің бірі 5 ақпан күні Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен жүргізіліп, ​ 65 балықшыға ​ мұз үстінде балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және құтқару жилеттерді және құтқару арқандарын міндетті түрде алып жүру туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 100 ге жуық жаднамалар таратылды.
​ ​ ​ ​ ​ Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
​ ​ ​ ​ ​ Мұз үстінде ​ балық аулау кезінде белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.
​ ​ ​ ​ ​ Қалыңдығы жұқа, қатпаған мұзға шығуға болмайды;
​ ​ ​ ​ ​ Жағалауларда және ағындарда мұздың қалыңдығы әлсіз болады;
​ ​ ​ ​ ​ Мұзда адамдардың бір-бірімен ара қашықтықты сақтауы маңызды;
​ ​ ​ ​ ​ Мұз үстіне көлікпен шығуға тыйым салынады;
​ ​ ​ ​ ​ Балық аулау кезінде алкоголдік сусындардан бас тартыңыз.
​ ​ ​ ​ ​ Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.