Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

109

ҚР Үкіметінің қаулысымен Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2009-2011 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық саясат және Стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2011-2012 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы.

2012-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2020 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі.

2020-2022 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

Бұрын осы лауазымда жұмыс істеген Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

https://turkystan.kz/article/212615-industriya-zhene-infrakurylymdyk-damu-vitse-ministri-tagayyndaldy-3/

Leave A Reply

Your email address will not be published.