Қазақстандық тауар өндірушілер азық-түлік нарығындағы ахуалды талқылады

109

Қазақстанның азық-түлік өндірушілердің ірі салалық одақтарының басшылары «AMANAT» партиясындағы кездесуге қатысты.  Іс-шарада азық-түлік нарығындағы жағдай, жергілікті тауарлардың импорттық тауарлармен бәсекелестік шарттары, отандық өндірушілерді қолдау мәселелері, сондай-ақ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасының болашағы талқыланды.

«AMANAT» отандық азық-түлік өндірушілерінің мәселелерін жақсы біледі және көтерілген мәселелерді өзекті деп санайды. Еркін сауда принциптері, әрине, маңызды. Бірақ біз қиын уақытта елдің азық-түлік қауіпсіздігін де есте ұстауымыз керек. Жергілікті өндірушіні қолдау мәселелері Қазақстан үшін импортты алмастырудың аса маңызды міндетімен тікелей байланысты. Отандық өндірушінің мүдделері жүйелі негізде, мемлекеттік саясат пен экономиканың барлық деңгейлерінде ескерілуі тиіс. Сондықтан біз партиямыздың басым міндеттерінің бірі ретінде отандық өндірісті қолдау мәселелерін шешуге дайынбыз. Біз сіздерден ұсыныстарды қабылдауға және оларды сайлауалды бағдарламаға енгізу мәселесін бірлесіп пысықтауға дайынбыз, – деп айтып өтті «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Былтыр қазақстандық азық-түлік өндірушілері қазақстандық бөлшек саудадағы қалыптасқан жағдайға қатысты дабыл қаққан болатын. Жергілікті сауда желілерінің саясаты – үлкен көлемде және төмен бағасымен жұмыс істеу. Бұл ЕАЭО елдерінен өнім импортының өсуіне алып келуде. Сонымен қатар бұл жағдай бізде жеткіліксіз мөлшерде өндірілетін өнімдердің санаттарына ғана емес, жергілікті өндірушілер нарықтың қажеттіліктерін қазақстандық өнімдермен жабуға қабілетті өнімдерге де тән.

Қазақстандық тауар өндірушілер азық-түлік нарығындағы ахуалды талқылады

Салалық одақтар өкілдері бұл мәселеде мемлекеттің нақты ұстанымының жоқтығы, азық-түлік өнімдерін сатуда мемлекеттік реттеудің болмауы нарықта стихиялық «ойын ережелері» қалыптасырып жатыр деп атап өтті.  Елдегі барлық өнімдердің көп бөлігі сатылатын ірі сауда желілері үстемдік ететіндігін белгілеп өтті. Өндірушілер сонымен қатар жергілікті және импорттық тауарлардың бәсекелестігі үшін түрлі жағдайларды атады. Санэпидембақылау органдары отандық өндірістерді және олардың барлық өнімдерін үнемі тексеріп отырады. Ал импорттық азық-түлікке келетін болсақ, өнім қазақстандық нарыққа шыққан кезде тек бір рет сапаны тексеруден өтеді. Осыдан кейін үш жыл бойы өнім қазақстандық сөрелерге ешқандай тексерусіз түседі. Осы жеңілдікті пайдалана отырып, кей импорттаушылар бізге  сапасы күмәнді тауар жеткізуге мүмкіндік алады. Осылайша жергілікті өндірушілерді барлық инстанциялар тексерген өнімдерімен бірге нарыққа шығады.

Қазақстандық тауар өндірушілер азық-түлік нарығындағы ахуалды талқылады

Нәтижесінде сауда желілері біздің елімізде ең төменгі тамақтану стандарттарын қалыптастырады. МЕМСТ-ке сәйкес келетін тауарлардың орнына халық табиғи емес ингредиенттер мен консерванттардың көп мөлшері бар төмен сортты өнімдерді тұтынуға мәжбүр. Бұл адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді. Қазақстандық өндірушілер бұл мәселелер туралы айтып келеді. Үкімет «Қазақстанда жасалған» бағдарламасына бастамадылық беруде. Салалық одақтар бұл бағдарламаны әзірлеу идеясын құптайды. Өндірушілер бағдарламаның мәні мен мәтінін әзірлеу кезінде өз мүдделерін қорғауға ниетті. Алайда, салалық одақтар бағдарламаны әзірлеушілер өндірушілердің пікірлерін тек ресми түрде ескеруге дайын. Салалық одақтардың өкілдері «AMANAT» партиясы да мемлекет осы проблемаларға назар аударуы үшін қажеттінің бәрін жасайды деп сенім білдірді.

– Біз үкіметтегі бағдарламаны әзірлеушілерге құжатты асығыс жасамауға, оны сапалы пысықтауға уақыт беруге және біздің мүдделерімізді толық ескеруге шақырамыз. Әйтпесе бағдарлама жұмыс істемейтін болады. Біз азық-түлік өнімдерін өндірушілердің басқа одақтарының өкілдерімен бірге «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын дайындау және одан әрі іске асыру жөніндегі барлық жұмыс топтарына, сондай-ақ заңнамалық актілерге тиісті түзетулермен жұмыс істейтін топтарға қатысқымыз келеді. Бұл бағдарлама өміршең болады және барлық қазақстандықтардың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды деп үміттенеміз, – деді «Қазақстан сүт одағының» директоры Владимир Кожевников.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, негізгі міндеттер нарықта жұмыс істеу және жергілікті өндірушілердің бөлшек саудада ұсынылуы үшін басым жағдайлар жасау болуы тиіс. Сондай-ақ отандық азық-түлік өнімдерін қолдау және танымал ету процесіне сауда желілерін тарту. Сонымен қатар жергілікті өнімдерді сатып алудың пайдасын түсіндіретін тұтынушылармен белсенді ақпараттық және ағартушылық жұмыс қажет. Қазақстандықтардың жергілікті өнімді сатып ала отырып, экономикамызды дамытып, мектептер, ауруханалар, жол құрылысы қаржыландырылатын, мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы төленетін мемлекеттік бюджеттерге түсімдерді қамтамасыз ететіндіктерін ұғынуы маңызды.

«Қазақстанда жасалған» бағдарламасында сауда желілерінде қазақстандық өнімдер үшін басым жағдайлар жасау, сауда мен өндірушілер арасындағы қатынастарды реттеу, импорттық өнімдердің сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру және адал бәсекелестікті қолдау қажеттілігі көрініс табуы өте маңызды деп санаймыз, – деп мәлімдеді «Қазақстан құс шаруашылығы одағы» салалық одағының президенті Руслан Шарипов.

Кездесу соңында салалық одақтардың өкілдері «AMANAT» партиясына өздерінің жазбаша ұсыныстарын жолдады. Осы тақырып бойынша жұмысты тұрақты негізде жалғастыру туралы шешім қабылданды.

https://turkystan.kz/article/212594-kazakstandyk-tauar-ondirushiler-azyk-tulik-narygyndagy-ahualdy-talkylady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.