САРЫСУДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

124
Ауданда орын алған төтенше жағдай салдарынан қатты бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу-құрылыс жұмыстары басталған болатын. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмысты сапалы әрі тез арада аяқтау үшін жергілікті мердігерлер жұмылдырылды.
Бүгінгі күнге «Алтын Орда» ЖШС-і жұмысын жүргізген Жаңатас қаласындағы М. Әуезов мектебінің, «Кейс нұр» ЖШС-і жөндеген Сарысу аудандық орталық аурухананың әкімшілік корпусының, «Инвест капитал строй» ЖШС-і жөндеу жұмыстарымен айналысқан «Қазпошта» ғимаратының және «Акайсер табыс» ЖШС-і жөндеген аудандық әкімшілік ғимаратының шатырларына күрделі жөндеу-құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Қазіргі таңда 3 нысанның жөндеу жұмыстары ғана қалды, 70-80 пайыз жұмыстары атқарылған. Таяу арада аяқталуға жақын.

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.