«6 күн тамақсыз»: жасырынбақ ойнаған бала басқа елден табылды (ВИДЕО)

122

Бангладеште Фахим есімді бала достарымен жасырынбақ ойнап, жүк контейнеріне тығылған. Ол іште ұйықтап қалғанда, контейнерді сыртынан құлыптап, өзге елге беріп жіерген деп хабарлады turkystan.kz OddityCentral-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше,  17 қаңтарда Бангладеш кемесінен контейнерлерді түсіріп жатқанда, Малайзияның Кланг портының қызметкерлері олардың бірінде абдырап, шаршаған баланы байқайды. Ол жергілікті тілде сөйлемегендіктен, қызметкерлер ешқандай ақпарат ала алмаған. Кейін олар  бала адам саудасының құрбаны деп күдіктеніп, дереу полицияны шақыртқан.

Фахим алты күн бойы тамақсыз, сусыз қалған.

«6 күн тамақсыз»: жасырынбақ ойнаған бала басқа елден табылды (ВИДЕО)

Бала өзінің туған қаласы Читтагонгта (Бангладеш) достарымен жасырынбақ ойнап, жүк контейнеріне тығылған. Ол құлыпталып қалғанын білгенде, көмек сұраған. Алайда оны ешкім естімеген. Фахимді жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы қалыпты.

Власти Малайзии заявили: нет причин сомневаться в рассказе мальчика и в этой истории нет подозрений в торговле людьми. Кроме того, Фахима после его выздоровления вернут на родину.

Малайзия билігінің ақпаратынша, баланың айтқанына күмәндануға негіз жоқ және адам саудасына күдік жоқ. Фахима сауығып кеткеннен кейін отанына қайтарылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.