Түркістанда білім ұйымдарының 85%-ы аттестаттаудан өтпеді

114

Түркістан облысында білім беру ұйымдарының 85 пайызы мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалды деп хабарлады turkystan.kz.

Өңірдегі 8 колледж, 139 мектеп және 218 балабақша тиісті талаптарға сай екенін дәлелдей алмаған.

Qazaqstan tv-ның мәліметінше, сырттай жүргізілген бағалау жұмысы кезінде оқу жоспарынан бастап, білім нысандарының қажетті техникалық базамен қамтамасыз етілуі барлығы сараланған. Ал балабақшаларда тәрбиешілер бойынша тексеру жүргізілген. Анықталған кемшіліктерді жою үшін білім мекемелеріне 1 айдан 1 жылға дейін мерзім берілген.

Қайта аттестатталмағанның бәрі Сарыағаш ауданынан шығып жатыр. Одан кейін бізде ең үлкен Жетісай ауданы бар, Сайрам ауданында көптеген кемшіліктер анықталып жатады. Қазығұрт ауданында да. Оларға енді ұсыныстар берілді. Мерзім берілді, – деп мәлімдеді облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Гүлдар Медеубек.

https://turkystan.kz/article/210970-turkistanda-bilim-uyymdarynyn-85-y-attestattaudan-otpedi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.