2023 жылы қандай киімдер сәнде болады? – Дизайнер кеңесі

283

Жаңа жыл жақындағанда дизайнерлер мен стилистер келер жылға кеңес беретін дәстүр қалыптасқан. 2023 жылы қандай түс сәнде болады, қандай киім трендке шығады? Қандай киімдерді қалай үйлестіруге болады? Отандық дизайнер Дамила Жұмабекқызы келер жылы сәнде болудың жолдарын айтты.

Дизайнердің сөзінше, 2023 жылы деним матадан тігілген киімдер трендте болады, сонымен қатар, нәзік матадан тігілген киімдер де сәнге енбек. Кең пішілген киімдерді де гардеробыңыздан шығаруға асықпаңыз.

2023 жылы қандай киімдер сәнде болады? – Дизайнер кеңесі
– 2023 жылы деним, яғни джинса матадан тігілген, күнделікті киюге ыңғайлы әртүрлі образдағы түрлі шалбар, жейде, сарафан, белдемше, комбинезон сияқты киім түрлері сәнде болады. Ал көктемде жұқа атлас, жібек маталардан тігілген, қауырсындармен сәнделген киімдер сәнде болмақ. Кең костюмдер, кең шалбарлар, яғни, oversize стиліндегі кең иықты киім үлгілері трендте бола береді, – дейді дизайнер.

2023 жылы қандай киімдер сәнде болады? – Дизайнер кеңесі

Одан бөлек, аксессуарлар мен принттердің маңызын да естен шығармаған жөн.

– Ұзын белдемшелер, жолақты футболка, жібектен тігілген, органзадан тігілген ерекше жейделер сәнде, одан бөлек, кез келген образға кішкентай сөмкелер жарасымды болады. Киімге кішкентай сәнді түйреуіштер (брошь) сияқты аксессуарлармен безендіріп тақса да өте ерекше болмақ. Түрлі балеткалар және орташа биік өкшелі аяқкиімдер сәнде болады. Шашты екіге өру трендке енеді және жай ғана жеңіл боянған дұрыс, – дейді маман. Яғни, табиғи көрінетін жеңіл макияж сәнде бола береді.

2023 жылы қандай киімдер сәнде болады? – Дизайнер кеңесіСонымен қатар, дизайнер жаңа жылдағы тренд түстерге де тоқталып өтті.

– Осы жыл – қара қоян жылы, яғни әр қоян өз ортасына көңіл бөліп, қамқор болатын жыл дейді. Жаңа жылды қарсы алғанда ашық көк, шоколад түстес қоңыр түстер, охра және ақшыл, яғни жұмсақ қоңыр түстің туыс түстес киімдерді киюге болады. Енді, қара, ақ, қызыл түстер ешқашан сәннен қалған емес. Қызғылт түстің де туысқан бірнеше түстері – күлгін сияқты жылы түстер де актуалды болады, – дейді Дамила Жұмабекқызы.

https://turkystan.kz/article/208710-2023-zhyly-kanday-kiimder-sende-bolady-dizayner-kenesi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.