Қазақстанда темекі мен вейп бағаcы өсті

136

Дегенмен, ресми деректерге сүйенсек, темекі өнімдерінің қымбаттығына қарамастан, қазақстандықтардың темекіге деген сұранысы азаймаған. Керісінше, тұтынушылар саны көбейе түскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қазақстандықтар 15 миллиард дана темекі мен папирос шеккен. Жыл сайын 23 000 отандасымыз шылым шегуден болатын аурулардан көз жұмған. Үкімет темекіге акциздерді көбейту арқылы онымен күресуге тырысуда.

“Неліктен біз жыл сайын акцизді көбейтеміз? Оның бір себебі — темекі өнімдерін тұтынуды азайту. Адам денсаулығына зиянын азайту. Бұл Үкіметтің міндеті. Баға туралы айтатын болсақ, Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес біздің елімізде ең төменгі баға белгіленді. 2024 жылы темекіге акциздерді қайтадан арттыру жоспарлануда», — деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаева.

Қаңтардан бастап вейптердің де бағасы өзгерді. Бір миллилитр сұйықтықтың құны жеті есеге жуық, яғни 8 теңгеден 53 теңгеге қымбаттады. Болашақта бұл құрылғыларға Қазақстанда мүлдем тыйым салынуы мүмкін. Дегенмен, сарапшылар бұл тыйымға сақтықпен қарайды. Олар нарық контрафактілік өнімдерге толады деп қорқады.

https://stan.kz/kazakstanda-temeki-men-veyp-bagaci-osti-375583/

Leave A Reply

Your email address will not be published.