Атыраулық полицейлер ірі көлемде есірткі сақтаған өзге облыс тұрғындарын анықтады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысында синтетикалық есірткінің жеткізілуіне жол бермеу мақсатында Атырау облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыс аумағында есірткіні заңсыз таратумен айналысқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шара жүргізді.
13 желтоқсан күні қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін Семей қаласынан Атырауға келген 18 жастағы қыз бен 20 жастағы жігіт ұсталды. Жалға алынған пәтерлердің бірінен тінту кезінде жалпы салмағы 360 грамм синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ көптеген Z-пакет, электронды таразылар және басқа да құрылғылар табылып, тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілер жалпы салмағы 45 грамм синтетикалық есірткіні сақтаған 6 орынды көрсеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
https://turkystan.kz/article/208561-atyrauda-iri-kolemde-esirtki-saktagandar-ustaldy/