«Әкесімен ренжіскен»: Өскеменде жоғалған жасөспірімдер табылды

70

25 желтоқсанда Өскеменде 15 және 13 жастағы екі бала жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам полицияға балаларының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Оның айтуынша, оның 15 жастағы ұлы мен 13 жастағы қызы 25 желтоқсан күні кешке үйден кетіп, оралмаған. Балалар телефондарын үйде қалдырып кеткен.

Кәмелетке толмағандардың жүрген жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды. Тәртіп сақшылары кез-келген ақпаратқа ие бола алатын таныстары мен куәгерлерден сұхбат алып, іргелес аумақтарды, аулаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін, гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды мұқият зерттеді. Іздеу жаяу және қызметтік автокөліктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылды.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде 40 минуттан кейін кәмелетке толмағандарды Боран-2 патрульдік экипажының қызметкерлері Салауат Шәкіров пен Қуаныш Акимеев Островский көшесінен тапты. Кәмелетке толмағандар әкесімен ренжіскеннен кейін үйден кеткендерін айтты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Үйге аман-есен жеткізілді, – деді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Табылған жасөспірімдердің әкесі құқық қорғау органдарына және оның кәмелетке толмаған балаларын іздеуге көрсеткен көмегі үшін барлық азаматтарға алғысын білдірді.

https://turkystan.kz/article/208559-ekesimen-renzhisken-oskemende-zhogalgan-zhasospirimder-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.