Жамбыл облысының бұрынғы әкімі ұсталды

93

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазселқорғау» басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Кәрім Көкірекбаевтың пара алып жатқан жерінде ұсталғанын растады.

Айта кету керек, Кәрім Көкірекбаев 2019 жылы 69 жасында «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің төрағасы болып тағайындалған болатын.

2013-2018 жылдар арасында Жамбыл облысы әкімі болған.

https://turkystan.kz/article/208612-zhambyl-oblysynyn-buryngy-ekimi-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.