Өткен тәулікте елімізде 233 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
25 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2668 адам коронавирус инфекциясынан (-2528 + және 140 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 350 пациент стационарда, 2318 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
11 адамның жағдайы ауыр,
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.