Стоматолог әйгілі марокколық жанкүйерге тіс салып берді

91

Катардағы әлем чемпионаты кезінде кадрға түсіп қалған тісі жоқ марокколық жанкүйерге Дубайдағы тіс дәрігері көмек қолын созды деп хабарлады turkystan.kz.

55 жастағы марокколық Мұхаммед әл-Шарафи ойламаған жерден атақты адамға айналып шыға келді. Ол 23 қарашада Марокконың Хорватияға қарсы матчында кадрға ілігіп қалған. Әлеуметтік желі қолданушылары оның тістеріне назар аударған. Оның небәрі төрт тісі ғана көрінген. Бұл көпшіліктің күлкісін келтіріп, енді бірінің аяушылық сезімін оятқан.

39 жастағы тіс дәрігері Шади әл-Шейх осы жарияланымдар мен пікірлерге назар аударған соң марокколық жанкүйерді іздей бастаған. Нәтижесінде ол оны тауып, тісін емдеуді қолға алған. Интернетте жанкүйердің сап-сау тістерімен күлімдеп тұрған фотолары тарады. Стоматологтың айтуынша, бұл уақытша салынған протез. Оның тісін емдеу үшін әлі де біраз уақыт керек.

«Жалпы, мәселе оның ақшасының жоқтығында емес, оның фобиясында болды. Ол тіс дәрігерлерінен қорқады. Менің ойымша, оған ең жақсы күлкі сыйлау үшін маған шамамен алты ай қажет болады… Ол сүйек тіндерінің бұзылуына әкеліп соқтырған жоғарғы жақ сүйек резорбциясынан зардап шеккен. Бұл жаңа тістерді имплантациялауды қиындатады. Оның алты айлық емделуіне алдымен сүйек трансплантаты қажет болады», – деді стоматолог Шади әл-Шейх.

Leave A Reply

Your email address will not be published.