БЕРІЛГЕН ҚАРЖЫЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕН ҚАПЫ ҚАЛМАЙЫҚ

166
Күні кеше аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов Күшаман, Көжелек, Жамбыл Бірлік ауылдарында болып, «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру пилоттық жобасы» бойынша ауыл тұрғындарымен жиын өткізді.
Аталған пилоттық жоба 2019 жылы басталып, сол жылы Айдарлы ауылының тұрғындары алған болатын.
Жиын барысында жобаның 5 бағыты, атап айтқанда, І-үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, ІІ-мал шаруашылығын дамыту, ІІІ- ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, ІV – кооперативтерді жабдықтау, V- тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ жобаға қатысатындарға қойылатын негізгі талаптары туралы да айтылды. Атап айтсақ, несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі, мерзімі өткен несиесінің, мемлекеттік кірістер органдары алдында салық берешегінің болмауы, несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы, несие кепілмен қамтамасыз етілуі маңызды екені жеткізілді. Сонымен қатар Несиенің ең жоғарғы сомасы 8 млн теңгеге дейін, 2,5 пайызбен кепілге қойылған мүліктің 70 пайызы 5 жылға беріледі.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берілді.
Мойынқұм ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.