АУДАННЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

304
Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай, аудандық мәдениет үйі коворкинг орталығында «Тәуелсіздікке тағзым» атты танымдық көпшілік жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, бөлім және мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шарада аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы сөз алып, жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, барлық саласындағы игілікті істерді атап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен игілігі жолындағы қалтқысыз қызметі үшін берілетін «Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы» атағын бірқатар азаматтарға табыс етті.
Мойынқұм ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.