Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты

109

Түзеу мекемесінде жазасын өтеп, ақ пен қараны ажыратардай дәрежеге жетіп, қоғамға қайта бейімделіп шыққан азаматтар көп жағдайда қиын сәтте қолдау көрсетіп, тура жолға салған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне разылығын білдіріп жатады. Осындай жанның бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемеде жазасын өтеп, жуырда ғана жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан азамат.

Мекемеден босатылуына байланысты мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне арыз-шағымы жоғын, бостандыққа шыққанына қуанышты екенін айтқан ол мекемеде өткен уақыт аралығында моральдік тұрғыда демеу көрсетіп, өзінің жіберген қателіктерін түсінуге, өмірдің мәнін қайта ұғынуға сеп болған барша мекеме ұжымына алғысын жеткізді.

Мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Кәмшат Әбдімомынова босап шыққан азаматқа мемлекет тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетінін айтып, бостандықта білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуларына мамандар қол ұшын созатындығын жеткізді. Сондай-ақ, еркіндіктегі өміріне сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.