Қаржы министрінің жалақысы 1,5 млн. теңге

140
Үкімет отырысы

 Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет мүшелерінің жалақысын жариялады. Сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысы туралы сұрады. Министрдің айтуынша, министрлердің айлығы еңбек өтілі мен біліктілігіне қарай төленеді.

«Осы параметрлерді ескере отырып, ең төменгі жалақы 500-600 мың теңге құрайды, ал ең жоғары айлық – 1,5-1,7 миллион теңге. Мысалы, мен айына 1,5 миллион теңге аламын», – деді Жамаубаев.
Тілшілер Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жалақысын да сұрап көрді. Бірақ министр оны айтудан бас тартты.
«Оның баспасөз қызметінен сұрасаңыз болады. Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, айта аламын», – деп атап көрсетті вице-премьер.
Жамаубаев президенттің айлығын да жарияламады.

smi24.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.