Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

113

14 қараша сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен селосында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде шақырту түсті деп хабарлады turkystan.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПД-нің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты.

«Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда» деп жазды ведомстводан.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан.

https://turkystan.kz/article/203869-mangystau-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-apaty-boldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.