Жеңілдетілген автонесие қашан қайта беріледі?

81

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 20 қарашадан кейін қайта іске қосылады деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір мамандар процесс ашық болу үшін тек онлайн өтінім қабылдайтын арнайы порталдың жұмысын тексеріп жатыр. Өтінім беру алгоритмі кейінірек белгілі болады.

Бұл жолы автонесие бұрын берілген несие қайтарымынан түскен қаражат есебінен беріледі.

«Сондықтан бұл жолы көп өтінім қабылданбайды. Қаражат таусылған соң портал жабылады да, бір айдан кейін қайта қосылады. Ол ашылатын күнді оператор алдын ала хабарлайды», – делінген басылым хабарламасында.

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін банктер 13 307 несие мақұлдап, 11 мың автомобильдің кілтін иелеріне бергенін айтқан. Ақшаның револьверлік жолмен қайтуы жыл сайын 7,7 млн теңгелік — 1858 авто, 10 млн теңге тұратын 1430 машина алуға мүмкіндік береді. Осылайша 30 жылда елімізде 60 мыңға жуық автокөлік жаңарады.

Еске сала кетсек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев автонесие бағдарламасымен 2023 жылы 2 мың көлік сату жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

https://turkystan.kz/article/203533-zhenildetilgen-avtonesie-kashan-kayta-beriledi-2/

Leave A Reply

Your email address will not be published.