Бүгін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
11 қарашада Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түсті.
Мән-жайларды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды.
Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде мерт болды. Ал екіншісі ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.