«Дәрігерлерге ризамын» – Мейрам Қажыкен

72

Үгіт-насихат науқаны аясында ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Семей медициналық университетінде болды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл Павлодар мен Өскеменде өз ауруханасы мен филиалдары бар елдегі ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Нысан 1953 жылы құрылған.

Алғашында мамандар оқу орталығына шағын экскурсия жүргізіп, үміткерге университеттің құрылу тарихы туралы айтып берді. Содан соң акт залында резидент дәрігерлер және профессор-оқытушылар мен кездесу өтті.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Тиісінше сөз барысында  республиканың нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім «елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыра алатындай» жаңғыртылуы қажет екенін атап өтті. Сондықтан, М.Қажыкен өңірлік университеттерге көбірек көңіл бөлу, түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілу үшін өзінің ғылыми-техникалық базасын құру маңызды екенін растады. Ол үшін мемлекет қолдау көрсету керек екенін  айтты.

Сондай-ақ жиын барысында кандидат республика азаматтарының атынан барлық дәрігерлерге 2020-2021 жылдардағы ковид-19 кезіндегі қажырлы еңбегі үшін алғысын да білдірді.

«2020 жылы мен ауырып қалдым. Мені ауруханаға, нейрохирургия бөліміне жатқызды. Палатада өте ыстық болды. Соған қарамай барлық қызметкерлер арнайы киім киюге мәжбүр еді. Айтпақшы, мені семейлік дәрігерлер емдеді. Мен барлық абзал жандарға өте ризамын. Сіздердің мамандықтарыңыз өте маңызды және күрделі. Бұл мамандық иелерінің еңбегі лайықты бағалану керек. Медицина мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс», – деді М.Қажыкен.

Ол сондай-ақ жалақыны көтеру, әлеуметтік төлемдер және зейнет жасын төмендету секілді тақырыптарды да қозғады. Бұл ретте базалық әлеуметтік ставкаларды қайта қарау қажеттігін нақтылады.

«Азық-түлік бағасын қайта есептеу керек. Коммуналдық қызметтер, балаларға тәттілер, кітап сатып алу, театрға кем дегенде айына бір рет бару керек. Бірақ бұл шығындар ескерілмейді. Осылай жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде ең төменгі жалақының шағын көрсеткішін шығарады», – деп атап өтті кандидат.

«Ол үшін мұнай ресурстарына емес, кәсіпкерлікке байланысты экономика моделін өзгерту керек», – деп жалғастырды ол.

Жиын барысында дәрігерлер үміткерге «Жұмыс берушілер бұл жағдайда жалақыны инфляция деңгейіне дейін көтере ала ма?» деген сұрақ қойды.

Президенттіке үміткен бұл сауалға нақты жауап берді.

«Инфляцияны импортталатын тауарлар жасайды. Сондықтан оларға тосқауыл қойып, өзіміздің өнімдерімізді  шығару керек. Ол үшін Ауыл шаруашылығын көтеріп, оны тиімді дамыту қажет. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сала», – деп атап өтті М.Қажыкен.

https://turkystan.kz/article/202228-derigerlerge-rizamyn-meyram-kazhyken/

Leave A Reply

Your email address will not be published.