Павлодарда жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды (ВИДЕО)

62

Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю станцияларының бірінің аумағында болған.

«КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.