Астанада жас жігіт суицид жасады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
31 қазан күні Есіл ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түсті.
Тексеру барысында аталған факті расталды.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.
Ол 24-қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.