TikTok-та ішек-қарын тазалаған балаға көпшілік тәнті болды (ВИДЕО)

90

TikTok-та кішкентай баланың ішек-қарын тазалап отырған видеосы тарап кетті. Видео 2 миллионға жуық қаралым жинап, 70,1 мың адам лайк басып, мыңнан аса адам түрлі пікір жазып қалдырған деп хабарлады turkystan.kz.

Роликтен ішек-қарынға толы ыдысты алдына қойып, оны тазалап отырған баланы көруге болады. Желі қолданушылары баланың бұл қылығына тәнті болды.

TikTok-тағы пікірлердің басым көпшілігі қырғыз тілінде жазылған әрі видеоны жүктеген желі қолданушысы – қырғыз әншісі. Видео Қырғызстанда түсірілген болуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.