«Қазфосфат» ЖШС басшылығы өз қызметкерлеріне Отбасы банктегі бастапқы жарнаны жинап, пәтер алуға көмегін беру туралы шешім қабылдады.
Яғни қызметкер баспана алу үшін банкке үйдің жарты ақшасын салуы қажет. Оның 25 % өзі жинаса, қалған 25 % -ға дейінгі қаражатты Компания қолдауымен жинақтап, салуға мүмкіндік бар. Содан кейін бірден банктен жылдық 8,5% мөлшерлемемен (одан әрі 5%-ға дейін төмендейді) аралық заем алып, көптен күткен тұрғын-үйге қол жеткізе алады.
Бұл әлеуметтік қолдау «Қазфосфат» компаниясы қаржы департаменті қызметкерлерінің еңбегі нәтижесінде іске асты.
«Қазфосфат» ЖШС мен Отбасы банк арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 2022 жылдың 18 қазанында, «Аммофос-2» минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа цехының ашылуы барысында қол қойылды.
Бүгінде «Қазфосфатта» 7174 адам қызмет етуде. Олар біздің басты құндылығымыз және компанияның өркендеуінің негізгі драйвері болып отыр.
«Қазфосфат» ЖШС