Сарысуда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тағы бір отбасы қоныс тойын тойлады

151
Түркістан ауылдық округіне қарасты Ә.Бүркітбаев ауылының тұрғындары мен ақсақалдары, жергілікті шаруа қожалықтарының қолдауымен С.Бекпенбетов көшесінде орналасқан 2 бөлмелі тұрғын үйдің кілті Василий Орищукке табысталды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов қатысып, көптің көмегімен салынған «Асарлатып үй салу» жобасының шарапатының арқасында тұрғын үйлер санының артып келе жатқанын айтты. Мәселен, жуырда ғана Байқадам ауылдық округіне қарасты Саудакент ауылында тұратын көпбалалы отбасы жаңа баспананың қоныс тойын тойлаған болатын.
Жаңа баспана толығымен электр жүйесімен, таза ауыз сумен қамтылған. Бұдан бөлек, тұрғын үйдің сыртқы қоршаулары да жаңартылып, жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.