Қазақстанда интернет сапасы неге нашарлады — Вице-министр түсіндірді

115

әсет тұрысов

Ауылдан бөлек, тіпті қалалық жерлерде, елордада интернет сапасы төмен.

«Байланыс операторларының жауапкершілігі күшейтіледі. Қазірдің өзінде шамамен 271 миллион теңге айыппұл төленді. Тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілді. Байланыс сапасының параметрлері бекітілді. Егер байланыс сапасына қатысты мәселелер болса, сіз министрлік жанындағы байланыс комитетіне E-otinish жүйесі арқылы өтініш бере аласыз. Аумақтық маман шығып, оны тексереді”, – деді Әсет Тұрысов Мәжілістегі пленарлық отырыста.

Вице-министрдің айтуынша, операторларға қатысты қатаң шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, қазақстандықтар интернет байланысының сапасына мониторинг жүргізуге көмектесе алады. Байланыс сапасын тексеруге бәрі қатысуға құқылы.

Сондай-ақ, Әсет Тұрысов осыған дейін талқыға түскен Қазақстандағы радиофобияны тілге тиек етті.

“Мұнарасыз сапалы интернет болмайды. Техникалық сипаттамаларға сәйкес әр учаскеге бөлек қарау керек. Барлық тұрғындар белгілі бір мұнараларды орнатуға келісе бермейді. Бұл, әрине, әрбір азаматтың құқығы. Осы жұмыс топтарындағы барлық мәселелер қаралып, шешім қабылданады», — деді министр.

https://stan.kz/kazakstanda-internet-sapasi-nege-nasharladi—ministr-t-372382/

Leave A Reply

Your email address will not be published.