Маңғыстауда әйел тыйым салынған аудиожазбалар үшін жауапқа тартылды

74

әйел

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде теріс діни ағымға байланысты аудиодәрістерді тарату дерегі тіркелген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Әйел теріс ағымды ұстанады.
Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша хаттама толтырылды.

Әкімшілік соттың шешімімен азаматқа 14 АЕК немесе 42 882 теңге көлемінде айыппұл салынды.

https://stan.kz/mangistauda-ayel-tiyim-salingan-audiozhazbalar-ushin-zh-371999/

Leave A Reply

Your email address will not be published.