Си Цзиньпин Қытайдың 2027 жылға қарай қуатты қарулы күшке қол жеткізуге тырысатынын мәлімдеді

73

Си Цзиньпин

Қытай коммунистік партиясының ХХ съезінің ашылу салтанатында Си Цзиньпин Пекиннің 2027 жылға қарай әлемдік деңгейдегі қарулы күшке қол жеткізуге тырысатынын мәлімдеді. Бұл кезде Қытай халықтық-азат етуші әскерінің құрылғынына 100 жыл толады. Сонымен қатар ол «заманауи социалистік мемлекетті жан-жақты құрудың стратегиялық талабы» екенін атап өтті.

Өз сөзінде Си Цзиньпин Қытайдың гегемонизмге қарсы екенін айтып, көпқырды халықаралық қатынастар принципін ұстанатынын мәлімдеді. Айтуынша, Пекин принципі күш қолдану саясатына қарсы.

https://stan.kz/si-czinpin-kitaydin-2027-zhilga-karay-kuatti-karuli-kus-372000/

Leave A Reply

Your email address will not be published.