Мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік қылмыскер Алматыда ұсталды

130

кісен

Polisia.kz мәліметінше, желілік полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, мемлекетаралық іздеуде жүрген 62 жастағы қылмыскерді Алматыдағы халықаралық әуежайдың шығарып салу залында ұстады.

Ресей Федерациясының азаматы РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.  Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Көліктегі полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов сөзінше, «Нелегал-2022» жедел-алдын алу шарасының екі күнінде көлік полициясы Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 38 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, көші-қон заңнамасын қасақана бұзғаны үшін алты шетелдік азамат елден шығарылды.  Сондай-ақ шақырылған шетелдіктердің елде жүріп-тұруға арналған белгіленген ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның сегіз азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

https://stan.kz/memleketaralik-izdeude-bolgan-resey-azamati-ystaldi-371850/

Leave A Reply

Your email address will not be published.