Бас прокуратура Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді

126

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов және басқа да күдіктілер қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатқан жоқ. Іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және ол «құпиялылық» грифі бойынша жүргізіліп жатыр. Сондықтан іс материалдары жариялануға жатпайды. Осы істі тергеу амалдарына қатысқан белгілі бір прокурорлар тобы бар. Атап айтқанда, тергеліп жатқан адамдардың бәрі қамауда отыр, ешкім ешқайда кеткен жоқ», – деді Әсет Шындалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол қазір істі тергеу аяқталғанын, осы орайда іс-материалдарымен танысу жүріп жатқанын айтты.

Ә. Шындалиевтің айтуынша, тәртіп бойынша күдіктілер іспен танысады. Танысқан соң, арыздарын береді. Тергеуші ол арыздарды қарап, кейін прокурорға жібереді.

Еске салсақ, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша тергеуді бастаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.