Қайрат Сатыбалды cотта кінәсін толық мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады

98

Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 20 қыркүйек күні онлайн режимде өткен сотта айыпталушының заңгері Сатыбалдының кінәсін толық мойындап, 12 млрд теңге көлеміндегі шығынды өтегенін алға тартып жазаны жеңілдетуге үмітті екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сатыбалды сот

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені сотқа ЕЦ-166/1 тергеу изоляторынан бейнебайланыс арқылы қатысты. Сотта видео және аудио жазба жазуға тыйым салынды.

Сот барысында «Қазақтелеком» АҚ, «ЦТС» АҚ және сотталушылар Ғайни Бекетов, Марат Мұхамеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаев және Леонид Муравьев арасында медиациялық келісімнің жасалғаны белгілі болды.

«Олар тағылған айыппен келісіп, 28 млрд теңге және 12 млрд теңге мүліктік залал келтіргенін мойындап отыр. Қайрат Сатыбалды өз тарапынан барлық соманы өтеді», — деді айыпталушылардың қорғаушысы Игорь Попов сот отырысында.


 


«Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры Әлия Кішкембаева соттан талап арызды қараусыз қалдыруды сұрады.

Келесі сот отырысы 21 қыркүйек сағат 15:00 белгіленді.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 13 наурызында сот Қайрат Сатыбалдыны қамауға алуға санкция берген. Ол сол уақыттан бері уақытша ұстау изоляторында отыр. 17 наурызда Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды “рейдерлікпен айналысқан” деген айыппен ұсталғаны белгілі болды. Ол 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Сатыбалдыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері “Қазақтелеком” АҚ-ның аса ірі көлемдегі қаржысын жымқыру және қызметін асыра пайдалану фактісі бойынша ұстаған.

https://stan.kz/kayrat-satibaldi-cotta-kinasin-tolik-moyindap-zhazasin-370663/

Leave A Reply

Your email address will not be published.